Елімізде бір айда пневмониядан 600-ден аса адам көз жұмған — Xnews — ақпарат агенттігі

Елімізде бір айда пневмониядан 600-ден аса адам көз жұмған

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті

Оның айтуынша, 2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ.

«2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің — 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша — 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55 пайыздық өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен», — деді Айжан Есмағамбетова.

Бас мемлекеттік санитар дәрігері қазір бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу жұмыстарын жүргізе бастағанын айтып өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...