Қалада ұшып жүрген тікұшақтар қазақстандықтарды шошытты (видео)

Ауада белгісіз зат шашқан тікұшақтар қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Куәгерлер кадрларды видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды Xnews.

Кадрлардан тікұшақтың белгісіз зат сепкенін байқауға болады. Алдын ала болжам бойынша, олар Шымкент және Маңғыстау облысында ұшқан деп мәлімдейді «Астана» телеарнасы.

Қатты үрейленген қазақстандықтардың бір бөлігі тікұшақтар өсімдіктерге дезинсекция (жәндіктердер өңдеу) жасады десе, енді бірі бұл дезинфекция (микробтардан өңдеу) болуы мүмкін деп болжады. Ал үшіншілері қалада вирус таратып жүр деген шешімге келді.

Аталған жағдайға қатысты елдің Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

Ведомство тікұшақтардың ешқандай зиянды заттар мен вирус таратпағанын хабарлады. Одан бөлек, бұл ұшу аппараттары жәндіктерді улауға арналмаған.

Қорғаныс министрлігінде күнделікті оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Белгісіз зат шын мәнінде өрт сөндіруге арналған су болып шықты.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген ақпарат тараған еді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл ақпарат жалған әрі шындыққа жанаспайды.

© astanatv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді

Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді. Президент тапсырмаларын орындау ...

Экономика Казахстана с начала года выросла на 6,2%

Экономика Казахстана продолжает демонстрировать уверенный рост, достигнув показателя в 6,2% по итогам января-июня текущего года. Об этом на заседании Правительства ...