Вице-премьер Ералы Тоғжановтан коронавирус анықталды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажановтан да коронавирус инфекциясы анықталды. Вице-премьер өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен, деп хабарлайды Xnews.

«Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекция анықталды.

Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын — маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар! «, — деді ол Facebook парақшасында. 

Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 

Сондай-ақ премьер-министр Асқар Мамин, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшауланды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен оқшауланды. 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әділдік бар жерде елдік бар

Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру және шын мәнінде озық ойлы ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі ...

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР ...