Түркістан қаласының әкімі де коронавирус жұқтырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтан коронавирус анықталған. Бұл туралы қала басшысы желідегі парақшасында мәлім етті.

Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығы сыр берген Рашид Аюпов дәрігерлер көмегіне жүгініп, коронавирусқа тест тапсырған.

Қала әкімінің сөзінше, ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын растаған.

«Жұмыс барысымен күнделікті адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде. ⠀ Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді. ⠀ Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. ⠀ Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын! «,- деп жазды Рашид Аюпов Facebook парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус инфекциясы анықталды еді.

Өңір әкімінің коронавирус жұқтырғанын баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ...

Итоги года: усиление борьбы с правонарушениями, защита прав женщин и детей, принятие комплексных мер по предупреждению и ликвидации ЧС

Редакция сайта Primeminister. kz продолжает серию публикаций об итогах развития Казахстана в 2024 году. В уходящем году органы внутренних дел ...