Өрт бүгін таңертең Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында болған. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 04: 40-та Сарыағаштағы «Рамадан» су каналының бойында жалпы алаңы 250 шаршы метрді құрайтын 9 азық-түлік дүкені өртеніп кетті.
Өрт салдарынан жақын маңда тұрған GAZelle маркалы автокөлік толықтай жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету күштері мен жедел-тергеу тобынан – 36 адам және тоғыз техника тартылды.
Дереккөз: Отырар телеарнасы