Қазақстандық әкім TikTok-қа түсіп, танымал әуенге биледі (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстандық әкім TikTok-қа түсіп, танымал әуенге биледі (видео)

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жәйрем кентінің әкімі Аманқазы Нәукенов қарамағындағы адамдармен TikTok-та танымал әнге билеп, сөгіс алды, деп хабарлайды Xnews «Stan.kz» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Би флешмобына «Жайремский го» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы, Жәйрем кентінің мәдени-демалыс орталығының директоры және осы ұйымның бірнеше қызметкерлері қатысты. Олар мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеуге орай видео түсіруді ұйғарыпты.

Ролик әлеуметтік желілерде таралып, көптеген жағымды пікірлер жазылды.

Алайда, видео бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салу кезінде түсірілгендіктен, ауыл әкіміне қатысты тәртіптік іс қозғалды.

«26 мамырдағы қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Қаражал қаласы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 2 ж-67/1 өкімімен Жәйрем кентінің әкімі А.Нәукеновке қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», — деп хабарлады аймақтың баспасөз қызметі

Енді жергілікті билік органдары Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясында тиісті шаралар қабылдап жатыр.

https://www.instagram.com/p/CBeszTSFDrH/

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...