Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген

Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген. Бірақ су Мақтарал ауданына келіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінің тікелей эфирінде айтты.

«Неге біз эвакуация жұмыстарын кеш жүргіздік? Себебі, өзбек тарапы ресми түрде куәландырды. Бізде өзбек тарапымен алмасқан мәліметтер сақтаулы тұр. Онда кешегі сағат сегіз шамасында жағдай тұрақты ешқандай проблема жоқ екені айтылған. Тіпті, Түркістан облысы Мақтарал ауданына су келетініне алғы шарт болмаған», — дейді облыс әкімінің орынбасары.

 Осы орайда Сәкен Қалқаманов өңірді су басқанын атап өтті.

«Түркістан облысының әкіміне Өзбекстанның су ресустары жөніндегі министрі су ағыны тоқтатылды деген. Бірақ неге екені белгісіз су келіп жатыр… Ол біз жаққа яғни Өзбекстан тарапынан Мақтарал ауданына бір тамшы су да бармайтынын айтқан. Судың деңгейі 45 сантимерге төмендеген сияқты деген. Алайда біздің каналдар мен коллектордағы судың деңгейі орташа есеппен сағатына 10-20 сантиметрге көтеріліп жатыр», — дейді ол.

Сондай-ақ әкімнің орынбасары су тасқыны зардабының алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы төтенше жағдай департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов аудандағы ауылдарды су басқан кезде бірден Өзбекстанның төтенше жағдай министрлігіне хабарласқанын жеткізді.

«Олар біздің уақытпен кешкі сағат 20:15-те су қоймасы жабылғанын айтты. Бірақ мен Мақтаарал ауданындағы Жаңа Тұрмыс ауылына барғанда мұның ешқандай нәтиже бермегінін көрдім. Су ағысы қатты болды. Елді мекендердегі барлығы тұрғынды құтқарып үлгердік. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді ол.

Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Туркестанскую область с начала года посетили более 700 тысяч гостей

Туркестанскую область за 9 месяцев 2024 года посетили более 700 тысяч гостей. Об этом сегодня сообщил руководитель Управления туризма Туркестанской ...

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет ...