Шымкентте науқас коронавирустан қайтыс болды

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бүгін коронавирустан көз жұмған науқас туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Xnews.

Марқұм — 1942 жылғы әйел адам, Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны.

«ЖРВИ, пневмония диагнозымен 78 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. 29 сәуірде науқастың жағдайы күрт нашарлап, жан сақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қосымша дерттері бар: 3-дәрежелі артериалды гипертензия, созылмалы бронхит, жоғары тәуекелдегі топтағы науқас», делінген хабарламада.

Ол емдік шаралардың толық жиынтығын алды. Дәрігерлер жасаған барлық реанимациялық шараларға қарамастан 3 мамырда сағат 10:20 уақытында науқас қайтыс болды.

Осылайша, елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 27-ге жетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, ...