Мақтааралда екі ауыл түгелдей басқа жерге көшірілуі мүмкін

Су шайған Мақтаарал ауданындағы Жеңіс және Жаңатұрмыс ауылдарын басқа орынға көшіру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты.

«Мұны тұрғындар сұрады. Әкімдіктің ұсынысы да болды. Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарын басқа жерге көшіру мәселесі қаралып жатыр. Ең төмен жақта орналасқандықтан, алғаш болып су тасқыны зардабын тартқандар да сол ауылдар. Сол елдімекендердегі барлық үйді басқа жерге көшіруге қазір учаске іздеп жатырмыз. Облыс әкімі мен мемлекеттік комиссия шешімін күтудеміз», — деді С. Қалқаманов Facebook парақшасында жүргізген тікелей эфирде.

Еске салайық, 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекен — Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары толығымен су астында қалған. 14 елдімекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан ...

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және ...