Мақтаарал ауданындағы елдімекендер толықтай судан тазартылды

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады.

«Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын! Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды», — деп жазды Қалқаманов.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская разработка для трансплантации сердца представлена на Expo-2025 в Японии

Команда врачей и инженеров Центра Сердца UMC под руководством Юрия Пя представит на Expo 2025 в Осаке уникальную медицинскую разработку ...

Школьник из Астаны стал чемпионом Азии по шахматам

На прошедшем в Алматы чемпионате Азии по шахматам ученик 10 класса столичной школы завоевал золото и путевку на мировое первенство, ...