Карантинде тойдан қағылған әншілердің гонорары қандай

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин режимі әншілердің де жұмысына кері әсерін тигізген. Табысының көп мөлшерін той-томалақтардан табатын эстрада жұлдыздары бүгінде қиын жағдайға тап болғандарын жасырмайды. Отандастарының көбісі жұмысқа шыға алмай жүргенін ескерген өнер иелері ән салу үшін сұрайтын гонорар мөлшерін де түсіріп тастаған. Әншілер қауымының қазіргі бағасын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Youtube желісіндегі «Рейтинг.KZ» арнасында бірқатар жұлдыздардың тойларда өнер көрсетуі үшін алатын гонорарының мөлшерін келтірілді. Белгілі журналист мерекелік шараларға көптеп шақырту алатын әншілердің әкімшілеріне хабарласып, олардың бағасын анықтады.

Белгілі болғандай, Ерке Есмахан бұған дейін дүбірлі тойда ән салғаны үшін 7 мың доллар алып келген. Алайда, карантин уақытын ескере отырып, ол гонорарын бес мың долларға дейін түсіріп тастаған. Әкімшінің сөзінше, өнер иесі бұл бағаға жарты сағаттай өнер көрсетіп, 7-8 ән айтады екен.

Елдің сүйікті әншісі Қайрат Нұртасты тойға шақырту үшін 8 мың доллар теңге керек. Оның әкімшісі бұл төлемге оның ұшаққа билеті кірмейтінін айтты. Хитменнің бағасын теңгеге аударғанда шамамен, 3 313 000 теңгені құрайды.

Қарақат Әбілдина болса тойда бес ән айтқаны үшін үш мың доллар көлемінде ақы сұрайды. Ал Нұрболат Абдуллин гонорары алты мың долларды құрады. Оның әкімшісі негізгі төлемнен бөлек, екі адамға келіп кету үшін ұшаққа билет пен қонақ үй ақысын беру керек.

Әбдіжаппар Әлқожа мерекелік шарада өнер көрсеткенің қаласаңыз бес мың доллар жұмсауға дайын болуыңыз қажет. Сонымен қатар, оған екі адамға ұшаққа билет пен қонақ үйді қамтамасыз ету шарт.

Ал Мадина Сәдуақасова үйлену тойда ән айтқан үшін бір миллион теңге көлемінде гонорар тағайындаған. Оған қоса, екі адамға ұшақ билеті мен қонақ үй ақшасын төлеп беру керек. Әнші тойда екі мәрте 20 минуттан төрт-бес ән салып береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...