Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиын барысында парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Xnews.

«Д.Н.Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», — деп жазған Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді. 

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.

2015 жылғы 11 қыркүйек — 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында — Қазақстан Республикасы премьер — Министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек — 2019 жылғы 20 наурыз аралығында — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды. 

2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша ...

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. ...