Қазақстандықтарға 22:00-ден 09:00-ға дейін шулауға тыйым салынады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстандықтарға 22:00-ден 09:00-ға дейін шулауға тыйым салынады

Қазақстандықтарға кешкі сағат 10-нан таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл заң жобасын парламенттің төменгі палатасы депутаттары мақұлдады. Құжат сенат қарауына жіберілді.

Мәжілісмендер «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» жобасының кодексін қарастырды. Құжатта қоғамда талқыға түскен міндетті екпе мен донорлықтан басқа, елдегі тыныштық уақытының ұзақтығын реттейтін норма өзгертілді.

Бұл талаптарды барлық азаматтар мен фирмалар сақтауы тиіс. Қазір заңға сәйкес 23:00-ден 06:00-ге дейін шулауға тыйым салынған.

Бұл заңбұзушылықтар үшін азаматтарға 5 АЕК көлемінде, ал кәсіпорындарға бизнес субъектісіне байланысты 20, 30 және 100 АЕК (ҚР әкім. кодексінің 437- бабы) көлемінде айыппұл бекітіледі.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...