Түркістан облысында 6 мыңға жуық тұрғынға 42500 теңге төлем тағайындалған

Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты жұмысын жоғалтқан азаматтарға мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем төлеу басталды. Бүгінде 6 мыңға жуық тұрғынға 42500 теңге төлем тағайындалған, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, бұл төлемге шағын және орта кәсіп субьектілері, дара жұмыс істейтін азаматтар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар қол жеткізе алады.

«Қазіргі таңда барлық аудан, қалаларда жұмыс штабтары құрылған. Азаматтардан түскен өтініштер штабта қаралып, төлемге ұсынылады. Электронды мемлекеттік порталы арқылы да өтініш жасауға болады. Айта кетерлігі, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар бұған дейін 1 жыл ішінде 3 төлем жасауы қажет болса, қазір 1 айға кеміді. Демек, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, рәсімдеп, 42500 теңгені алуға болады. Қазіргі таңда Түркістан облысында 6 мыңға жуық азаматтың өтініш мақұлданған»,- деді Әсия Темірбаева.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістандық сарбаз “Үздік шекарашы” атанды

Түркістандық сарбаз Бексейіт Кәдірбек “Шекараны үздік күзеткені үшін” медалімен марапатталды. ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаевтың және Шекара қызметі директоры ...

Түркістан: Қалалық сот төрағасы тағайындалды

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қалалық сотының төрағасы Лебаев Әділбек Ғұламұлын таныстырды. Сондай-ақ, Президенттің 2025 жылғы 10 ақпанындағы №778 ...