© kursiv.kz

Сингапур ғалымдары Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын есептеп шығарды

Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішінде Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады. Болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды, деп хабарлайды «Хабар-24» телеарнасы.

Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді, деп хабарлайды Naked Science.

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Сингапур ғалымдары пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 пайыз аяқталады деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжам жасалса да сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады. Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеулерді зерттеу ретінде қабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская разработка для трансплантации сердца представлена на Expo-2025 в Японии

Команда врачей и инженеров Центра Сердца UMC под руководством Юрия Пя представит на Expo 2025 в Осаке уникальную медицинскую разработку ...

Школьник из Астаны стал чемпионом Азии по шахматам

На прошедшем в Алматы чемпионате Азии по шахматам ученик 10 класса столичной школы завоевал золото и путевку на мировое первенство, ...