Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлем жүйесіне көшеді

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті, деп хабарлайды Xnews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. 

– Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар есебінен іске асырылады. Ол жүйе биыл демалыс уақытында (жолаушылар ағыны ең төмен кезінде) іске қосылмақ. Бүгінгі таңда, жүйені енгізу үшін 24 көлік компаниясымен шарт жасалды, қазір автобустарға кабель мен сымдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке көлік карталарын шығару үшін, қоғамдық көлікте тегін жүретін әлеуметтік санаттарға жататын азаматтар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, мектеп және орта арнаулы оқу орындарындағы оқушылар туралы деректер жинақталуда, — деді қала әкімінің орынбасары. 

Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше, электрондық төлем жүйесінің артықшылығы көп, яғни жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлей алады. Ал тарифті белгілеу мәселесіне келсек, бұл ретте көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары болмақ.

— Бұдан бөлек, аталған жүйені медицина, білім беру жүйелерімен біріктіру арқылы, яғни оқушыларға мектеп асханаларында көлік картасымен төлеу мүмкіндігі берілмек. Ол мектептерге кассалық аппараттар тегін беріледі. Қаламызда карантин енгізілуіне байланысты, тиісті жабдықтарды жеткізу жұмыстары кешіктірілуде. Дегенмен, бұл мәселе таяу уақытта толық шешімін табады, — деді М. Исахов. 

Қазіргі таңда жеткізушіге төлемақының 50% төленген. Жабдықтарды жеткізу ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталады. Ал 1 маусымнан бастап жоба толық іске қосылмақ.

Айта кетсек, қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесін енгізу бойынша қажетті мәліметтерді қала тұрғындарының назарына жеткізу мақсатында тиісті іс-шаралар әзірленуде. Бұл ретте арнайы PR акциялар өткізілмек, сондай-ақ жарнамалық бейнероликтер мен буклеттер дайындалып, оған еріктілер (волонтер) жұмылдырылады. 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...