Шымкентте коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды

Шымкентте қайтыс болған адамның бірнеше созылмалы ауруы болған. Осылайша, елімізде таралған қауіпті вирус жалпы 21 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына хабарлады.

«1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде, науқастың жағдайының ауыр болуына байланысты ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілгендігі айтылады. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді.

«Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды. Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды»,-деп хабарлады жедел штабтан.

Осыған дейін Шымкентте коронавирустан 1 адамның қайтыс болғандығы хабарланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

В Шымкенте открылось шесть комфортных школ

Накануне Нового года аким Шымкента Габит Сыздыкбеков принял участие в открытии шести комфортных школ, расположенных в пяти районах мегаполиса. В ...

Түркістан: Бәйдібек ауданында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс ...