Нью-Йоркте коронавирус жұқтырған аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсады

Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, — деп хабарлайды Medialeaks.

Портал мәліметінше, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген екен. Жақында бас дәрігердің өзінен коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан. 

Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Нәтижесінде Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған. 

«Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі — науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары», — дейді дәрігердің жақындары. 

Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Оның ішінде Нью-Йоркте 301 450 науқас анықталған. 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Самолет получил повреждения за пределами Казахстана — вице-премьер об авиакатастрофе близ Актау

Самолет Azerbaijan Airlines, потерпевший крушение близ Актау, получил повреждения за пределами Казахстана. Об этом корреспонденту Tengrinews.kz рассказал Канат Бозумбаев, возглавляющий ...

Триумфальный камбэк: тяжелая атлетика Казахстана вернула себе лидирующие позиции

В столице Бахрейна Манаме завершился чемпионат мира по тяжелой атлетике. По итогам чемпионата в общекомандном медальном зачете сборная Казахстана заняла ...