«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, жарқын жан Хамит Санбаев дүниеден озды

Музыканттың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар ансамбльдің Instagram-дағы ресми тобында жарияланды.

Қайғыға баттық! Орны толмас қаза! Ол секілді жүрегі кең адам туралы: «Біздің көп нәрсеміз өзіңізбен бірге кетті! Сіздің көп нәрсеңіз бізбен қалды!» деп айтады. Біз Хамитты үнемі жадымызда ұстап, артынан дұға жасайтын боламыз, делінген хабарламада.

Дос-Мұқасан — 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық институтының студенттері құрған вокалды-аспаптық ансамбль. Ансамбльдің негізін қалаушылар және оның алғашқы орындаушылары Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов (ансамбльдің атауы қатысушылардың аттарының қысқартылуынан шыққан: «Дос» — ансамбль жетекшісі Досым Сүлеев, «Му» — Мұрат Құсайынов, «Қа» — Хамит Санбаев, «Сан» — Саня (Александр) Литвинов. Кейінірек Дариға Тұрсынова, Шәріп Омаров, Бақыт Жұмаділов, Шомотов Ақнай, Асқар Жанкүшіков, Нұртас Құсайынов және Құрманай Омарова ансамбльге келіп қосылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды

Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Су басқан аймақтарға ...

В ходе паводков было спасено свыше 120 тыс. граждан в Казахстане

За весь паводковый период было спасено свыше 120 тыс. граждан, которые были размещены в пунктах временного размещения, им была оказана ...