Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанның құрылыс нысандарында болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Xnews Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2 мың жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және биылғы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп көзделген.

А. Мамин Конгресс-холдың, 7 мың орынға шақталған стадионның, Оқушылар сарайының, бассейні бар спорт кешенінің, аттракциондары бар қала саябағының, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, «Ұлы дала елі» орталығының, Қ. А. Ясауи музейінің және Тұңғыш Президент саябағының құрылыс алаңдарында болып, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің ұлттық орталығының ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді.

Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақүйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлық қонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

Премьер-Министрге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын абаттандыру жоспары таныстырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ...

Түркістан облысында 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі

Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен ...