Ж.Бектаева: «Сіздерден сындарлы сәтте сабырлық пен шыдамдылық күтеміз!»

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясы мен оның таралуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат жергілікті БАҚ-да, интернет-ресурстарда кеңінен жарияланып, таратылуда. Атап айтқанда, коронавирустың алдын алу мен оның таралуына жол бермеу мақсатында дайындалған арнайы түсіндірме ақпараттар Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook, Instagram (Shymkent qalasynyn Akimdigi (Акимат города Шымкента), akimat_shymkentі) әлеуметтік желілерінде, Ішкі саясат және дін істері басқармасы (Ішкі саясат басқармасы Шымкент) мен «Ақпараттық коммуникациялық орталық» КММ-нің (Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталық) ресми парақшаларында, қалалық «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің (Шымкент келбеті ресми парақшасы/Панорама Шымкента) ресми парақшаларында жариялануда.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап бүгінге дейін жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жалпы саны – 1218 материал жарияланды. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы мен оның таралуының алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелерінде алты баннер орнатылды. Осы мақсатта арнайы төрт бейнеролик дайындалып, телеарналар арқылы көрсетілді. Сонымен қатар «ONTUSTIK» телеарнасының «Уақыт» бағдарламасында арнайы телебағдарлама түсіріліп көрсетілді. Бағдарлама спикері Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғ.Әбішовпен қаладағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты нақты ақпараттар берілді.

Орын алған жағдайларға байланысты Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» алаңында жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдерінің қатысуымен қала әкімдігі, тағы басқа да мемлекеттік органдар басшыларының арнайы жеті баспасөз брифингісі өткізілді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты қалада өткізілетін барлық іс-шараларды тоқтату, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау тағы басқа да қажетті шараларды қабылдау мақсатында 2020 жылдың 13 наурызы күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Мамытбеков, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Т.Варзилов баспасөз брифингтерін өткізді.

2020 жылдың 17 наурызы күні Қазақстан Республикасы аумағында Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалу барысы туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр мен денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, білім басқармасы басшыларының қатысуымен арнайы баспасөз брифингі өткізілді.

Атқарылған жұмыстар мен өткізілген брифингтер бойынша жергілікті «ONTUSTIK», «Айғақ», «Отырар», «NAR TV» және республикалық «Хабар 24» телеарнасында, Шымкент қаласы әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайтында, www.inform.kz, tengrinews.kz, timeskz.kz, aigak.kz, otyrar.kz, elitar.kz, aqparat.info, kazakhstan.shafaqna, aimak.com.kz, oninfo.kz, mediaon.kz, saigez.kz, eltumar.kz, ulyorda.kz, ernur.kz ақпараттық порталдарында және Facebook, Instagram, twitter, vk әлеуметтік желілерінде материалдар жарияланды.

2020 жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысының республика аумағында төтенше жағдайды жариялауына орай коронавирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы аумағында орналасқан 137 діни бірлестіктерде діни жоралғыларды орындау шаралары шектеліп, тұрғындарға діни рәсімдерді үй жағдайында орындау қажеттігі жөнінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу жөніндегі сұранысына сәйкес қала аумағында орналасқан діни бірлестіктерде аталған вирустың алдын алу мақсатында дезинфекциялық шаралары жүргізіліп, діни бірлестік ғимараттарының кіреберістерінде осы бағыттағы арнайы жаднамалар ілінді. Сондай-ақ, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тарапынан 2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығында барлық діни бірлестіктерде діни ахуалды қадағалау мақсатында арнайы кезекшілік кестесі бекітілді.

Бұдан бөлек Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы тарапынан қала аумағында орналасқан исламдық және исламдық емес діни бірлестік басшыларына коронавирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында діни жоралғыларды орындау шараларын шектеп, тұрғындарға діни рәсімдерді үй жағдайында орындау қажеттігі жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жолданған жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуға қатысты дезинфекциялық шараларын жүргізіп және азаматтар арасында аталған вирустық белгілері анықталған жағдайда шұғыл жедел жәрдем мекемесіне хабарласу қажеттігі жөнінде 2020 жылғы 17 наурызында №23-04-11/410 хат жолданды.

Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 13 наурыздағы №2 қаулысына сәйкес діни обьектілердегі дезинфекциялық режимді күшейту және шектеу қою жөнінде қала аумағындағы діни бірлестік басшыларына ескертілуде. Қазіргі таңда, қала аумағында орналасқан барлық діни ғибадат орындарында тиісті дезинфекциялық шаралары жасалып, діни рәсімдерді орындауға келуші азаматтардың көптеп шоғырлануы толық тоқтатылды. Бұл бағыттағы тиісті жұмыстарды атқару, тұрақты мониторинг жүргізу және халықты кеңінен ақпараттандыру мен өзге де қажетті шараларды қабылдау мақсатындағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.

Қымбатты шымкенттіктер мен қала қонақтары!

Сіздерді сындарлы сәтте сабырлылық, шыдамдылық танытуға шақырамыз!

Жанар БЕКТАЕВА, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Созақ ауданындағы «Үлгілі ауыл» атанған жартытөбе елдімекенінде соңғы 5 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген

Созақ ауданында «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы ретінде Жартытөбе ауылы үздік деп танылды. Жеңімпаз ауылды нақтылау кезінде ауылдардағы тазалық пен көгалдандыру ...

Түркістанда бокстан түркі мемлекеттерінің «Алтын белбеуі» сарапқа салынды

Түркістан қаласындағы «OLYMPIC CENTER» спорт кешенінде Түркі мемлекеттерінің қатысуымен бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «WBC AMATEUR TURKSOY» халықаралық турнирі ...