Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6-ға жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6-ға жетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6-ға жетті, — деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Өзбекстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды.

Осыған дейін Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жеткені хабарланған еді. Елдегі төртінші жағдай 15 наурыз сағат 05:15-те Ыстамбұлдан Ташкентке Uzbekistan Airways арқылы келген (HY274 рейсі) Өзбекстан азаматынан анықталған. Зертхана сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтының вирусология бөлімінде өткен еді.

Басылым мәліметінше, дәрігерлер мен мамандар емдеу мен эпидемиологиялық зерттеуді белгіленген стандарттар бойынша жүргізеді. Аурудың елге тарап кетпеуі үшін қажет алдын алу шаралары жүргізіледі. 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Касым-Жомарт Токаев выступил на 13-м саммите Организации тюркских государств

В своем выступлении Президент Казахстана подчеркнул, что ОТГ является уникальной структурой, укрепляющей единство тюркского мира. – Наш незыблемый принцип – ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне, ...