© akorda.kz

Тоқаев Қордайдағы қақтығыстың себебін атады

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты, — деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент тергеу жұмыстары заңға сәйкес жүргізілетінін, заң алдында бәрі тең екенін айтып, Қордайдағы жергілікті қызметкерлердің пара алу және шекара арқылы заңсыз сауда жасау мәселелерін шешуді тапсырды.

«Ауданда бір топ адам белсенді түрде контрабандамен айналысып жүрген. Бұл — белгілі нәрсе. Осы іске басқа топ та қатысқысы келген. Бір сөзбен айтсақ, заңсыз табыс көзі үшін екі қылмыстық топтың арасында текетірес пайда болған. Бұл текетірес салдарынан көп адам зардап шекті. 11 адам қаза тапты. Оны ашық айту керек. Енді құқық қорғау органдарының алдында тұрған мақсат — барлық қылмыскерлерді ұлтына қарамай, заңға сәйкес жазаға тарту. Онсыз елімізде тәртіп болмайды«, — деді Президент.

Сондай-ақ кездесуде Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» Төле Сүгірбай сөз сөйлеп, аудандағы әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешу жөнінде өз ойларын ортаға салды.

«Ұлтаралық татулық — біздің ең басты құндылығымыз. Сондықтан оған сызат түсірмеуіміз керек«, — деп Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды қорытындылады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының спорт кешеніне барып, жас спортшылардың жаттығу барысын көрді. Болашақ спортшыларға табыс тілеп, оларға қажетті доптар мен бокс қолғаптарын сыйға тартты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Год рабочих профессий: объявлено о запуске новой жилищной программы для технических специалистов «Наурыз жұмыскер»

В рамках инициированного Главой государства Года рабочих профессий Правительством принимаются меры поддержки технических специалистов, сообщает Primeminister.kz. По поручению Премьер-министра Олжаса ...

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің ...