Кәсіпкерлерге бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Кәсіпкерлерге бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға 300 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Xnews.

«Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық қоры 90 миллиард долларға жетті. Бұл экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі. Біз бюджеттік шығынды жұмыспен қамту мен бизнесті қамтамасыз ету үшін барынша оң әсер ететін бағыттарға қайта бағдарлаймыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 миллиард теңгеден кем емес қаржы бөлінеді», — деді Президент үндеуінде.

Мұның алдында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың телевизия арқылы үндеу жасайтынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. Ал 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады. 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...