Төл теңге құлдырап барады

Ақша айырбастау орындарында 1 доллар айналдырған бірнеше сағатта 399-420 теңгеге дейін жетті. Алайда көп ұзамай 390 теңгенің деңгейінде тұрақтады. Ал, ертең KASE демалыстардан кейін жұмысын бастағанда не болары белгісіз,- деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі.

Бүгін қазақстандықтардың көбі осындай күй кешті. Ақша айырбастау орталықтарында доллар күрт қымбаттады, тіпті 420 теңгеге дейін жетті деген ақпарат тарады. Бір қызығы қолыңыздағы АҚШ валютасын өткізуге болады, бірақ сатып ала алмайсыз. Бағаның өзгеруінен секем алған тұрғындар енді азық-түлік қымбаттайды деп алаңдаулы.

Ұлттық валютаға мұнай бағасының күрт құлдырауы бірден әсер етті.

Айта кетсек, бүкіл әлемде қауіпті індет — коронавирустың өршуі әлемдік нарықта мұнайдың артылып қалуына әкеліп соқты.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарығына қатысты болжам 2014 жылдың қарашасынан гөрі жаман. Олар ОПЕК пен Ресей арасындағы мұнай соғысы бағаны төмендетуі мүмкін деп атап өтті. Өз кезегінде Yahoo Goldman Sachs талдаушысы Дэмиен Курвалинның сөзіне сілтеме жасай отырып, қазіргі жағдай мұнай мен газ нарықтарының болжамын түбегейлі өзгертеді деп жазады. Курвалин арзан мұнай өндірушілер қымбат өндірушілердің өндірістерін төмендетуге мәжбүр ету үшін жеткізілім көлемін арттырады деп санайды. 9 наурызда бұған дейін 45$ тұрған Brent маркалы мұнай бағасы 30 пайызға төмендеп, барреліне 31,44 долларды құрады. Бұл Ресейдің ОПЕК + келісімінен шыққаннан кейін болды. Соңғы рет Brent мұндай бағаны 2004 жылы алған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан приняли участие в казахско-иранском бизнес-форуме

В своем выступлении Глава государства Касым-Жомарт Токаев сообщил, что двусторонний товарооборот демонстрирует устойчивую динамику роста. Он выразил уверенность в том, ...

Қазақстан-Иран бизнес форумындағы жаңа ынтымақтастық кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысып, екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастың дамуына ерекше мән берді. Президент ...