Ұлыбританиялық Тайсон Фьюри америкалық Деонтей Уайлдерді жеңіп, суперауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып алды.
Тайсон Фьюри кездесу басынан бастап бірінші нөмірмен жұмыс жасады. Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Бесінші раундта Уайлдэр екінші рет нокадунға түсті. Уайлдердің сол құлағы қанап, бапкерлері жетінші раундта шаршы алаңға ақ сүлгі тастады.
Қос боксшы 2018 жылы желтоқсанда жұдырықтасқан еді, ол кезде кездесу тең аяқталған болатын.