Алматы облысында төрт қылмыстық топтың жолы кесілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Алматы облысында төрт қылмыстық топтың жолы кесілді

Алматы облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан 4 қылмыстық топты құрықтады, -деп хабарлайды Xnews Polisia.kz ақпараттық медия-порталына сілтеме жасап.

Алматы облысы аумағында жыл басынан бері ірі қара малды ұрлауды кәсіп қылған 4 қылмыстық топтың жолы кесілді. Қазіргі уақытта олардың 13 қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

  • «Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 4 қылмыстық топтың мүшелерін құрықтады. Олардың жалпы саны 56 бас мал жоғалған 13 ұрлық жасағаны дәлелденді. Қылмыстық топтар жымысқы әрекеттерін Алакөл, Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарында жасағаны әшкереленді. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 4 миллионнан астам шығын келтірілгені белгілі болды. Зардап шегушілерге 750 000 теңгенің материалдық шығыны өндірілді. Мал ұрлығының басты себебі мал иесінің бейжайлығы мен өзінің малын жайылымға қараусыз жібере салатыны болып отыр Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 77 мал ұрлығы тіркеліп, оның 40 дерегі ізі суымай ашылды», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...