Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған азамат параның 10 процентін сыйақы ретінде алады.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы алик Шпекбаев айтты. Мұндай шешім таяуда Үкіметте қабылданған. Бұдан былай сыйақы мөлшері экономмикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның немесе келтірілген қаржылай шығынның 10 процентін ала алады. Сондай-ақ агенттік халық үніне құлақ асатын агенттік тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелерінде «Парасаттылық негіздері» оқу пәнін енгізуді ұсынды. Қазір бүкіл күш сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытына жұмсалмақ. Былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2 мыңнан аса ұсыныс енгізілді.Соның негізінде 800-ден аса ұйымдастыру шаралары қабылданды. Жалпы мемлекетке сыбайлас жемқорлықтан келген залал 24 млдр теңге. Оның 20 млрдтан астамы қазынаға қайта қайтарылған.