Жамбыл облысы Қызыләуіт ауылындағы малына қасқыр шапқан шаруаның шығыны өтелмеуі мүмкін, деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, өтемақы тек түліктен жұқпалы індет анықталса немесе сақтандырылған жағдайда ғана берілетін көрінеді.
Еске сала кетейік, кеше Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде малға қасқыр шауып, 200 бастан астам қой мен ешкісін қырып кеткендігі жөнінде хабарлаған болатынбыз. Салдарынан шаруа қыруар шығынға батқан. Осы жағдайдан кейін өңірде арнайы жұмыс тобы құрылды. Түз тағысына таланған түліктердің 30-дан астамы биотермиялық шұңқырға тасталған. Қазір өлген малдар сырғасына қарап базадан тіркеуден шығарылып жатыр. Ал 170-ке жуық малдың етін ауыл тұрғындары бөліп алған.
Қабылғали Жампозов, Қызыләуіт ауылының мал дәрігері:
— Өлекселерден ауру тарап жүре ма, басқа қыла ма тасып кете ма аң-құс дедік та бір машинаға арттық төрт-бес бала жабылып. Төңірегін сыпырып, тазалап, дәрілеп, дизрастворымызды шашып ертең ауру тарамасын деген мақсатта. Бұл жұқпалы ауруда ақша төлейді өндреді деген жағдай бар. Бұл жұқпалы ауруға жатпай тұр ғой. Бұл апат болып тұр ғой. Ол жағын өзіміз де түсінбей тұрмыз. Өте қиын нәрсе бұл балаларға.