Коронавирус жұқтыру жөнінен күдікке ілінген 41 адам тексеріліп жатыр

Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Еліміздегі оқшауланған блоктарда бас-аяғы 66 адам болған. Барлығынан қызу көтерілу және тұмау белгілері анықталды. Бірақ тыңғылықты тексеріс нәтижесінде оның 25-сі ауруханалардан шығарылған. Күдікке іліккен науқастардың сынамалары Алматыдағы қауіпті инфекциялар ғылыми орталығына жіберіледі. Ол жерде коронавирустың жаңа штаммын диагностикалауға арналған әдістеме бар.

  • Үкіметтің қорынан қосымша 1 жарым миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы қауіпті вирустың анықтау және алдын-алу шараларына жұмсалады. Бұған қоса оған қажетті құрал-жабдықтарды сатып аламыз. Қазір біздің елде бұл ауруға қарсы күрес күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Дүниежізілік денсаулық сақтау үйымы берген кеңестер бойынша, арнайы жұмыстар қолға алынды,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Елдің қуаты — бірлігінде

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық ...

Бірлігі бекем елдің берекесі бар

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы жұмысын бастады. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына ...