Ел ішіне жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел ішіне жалған ақпарат таратқандар жазасыз қалмайды

Жалған ақпарат таратқан адам жазасыз қалмайды. Өйткені әрбір ресми расталмаған ақпарат, елді дүрліктіріп, қоғамға кері әсер тигізуі мүмкін деп хабарлайды Xnews «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны Айгүл Мұсақанова өткен жылы әлеуметтік желі арқылы «Күршімнің жері қытайға сатылды» деп жұртты шулатқан еді. Аз уақыт өтпей бұл әйел таратқан хабарламасының еш дәлелсіз екенін ұғынып,қайтадан желі арқылы елден кешірім сұраған. Келіншекке тек ескерту жасалды.

— Бұл бейнежазбаны 400 мыңнан астам адам қараған, осы тұлға анықталып сотталған, сот отырысында өз кінасын толығымен мойындаған, содан кейін оған сот үкімімен 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған,- деді облыстық соттың үйлестіруші судьясы Назгүл Рахметуллина.

Хабар 24 телеарнасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...