Ақтауда қандаланы улау кезінде алты жасар бала қайтыс болды

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа шығып кеткен. Үйде қолдануға тыйым салынған таблеткалар туралы ешкімге ескертпеген екен. Бұл әрекеті абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды. Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді.

  • ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 2-бөлігі, яғни санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамағандықтан абайсызда адамның өліміне апарып соқтыруы бойынша кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппелициялық сот алқасымен Ақтау қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды,-деді судья Аида Бұлақбаева

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан ...

Президент выразил соболезнования семье абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы

Президент Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования в связи с кончиной известного ученого-абаеведа Мекемтаса Мырзахметулы. Глава государства выразил соболезнования родным и ...