2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ — Xnews — ақпарат агенттігі

2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ

— 2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жұмысшы жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты

«2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал, тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден аса өтінім түскен. Алдағы 3 жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі», — деді министр. Осы ретте Дәурен Абаев бұл жүзеге асырылып жатқан шараларға қарап, жастарымыз баспана алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкентке жаппай көшу керек екен деп түсінбеуі керектігін баса айтты. «Сондықтан да, мұндай пәтерді алу шартының бірі – соңғы 2 жылда сол қалада тұрақты тұру керек. Сонымен бірге, егер сіздер қолдасаңыздар, жастарға арналған жалға берілетін баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін көтеруге болады», — деді ол.


Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...