Азиядағы алып глобус

Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды

Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта­лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған.

– Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл­мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр­дық, – дейді глобусты жаса­ған оқушылардың бірі Заңғар Рахматулла.

Оқушылардың 6 ай бойғы еңбе­гіне географ мамандар жоғары баға берді. Әсіресе, осы мектептің ұстаздары бұл оқушылардың са­баққа деген ынтасын арттыратыны сөзсіз дейді.

– Бұл глобус оқушылардың географиялық білімін жетілдіріп қана қоймай, шығар­машылығын шыңдауға да мүмкіндік береді. Қазір глобусқа қызыққан балалар сол география пәніне қызығушылық танытып, қосымша сабақтарға қатысып жүр. Қала берді, осы пән бойынша түрлі білім сайыстарына қатысып, өз білімдерін дәлелдеуде. Бізге де сабақ өту жеңілдеу болып қалды, – дейді мектеп дирек­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерман Оңалбеков.

Айта кетейік, білім ұясында география, жаратылыстану, дүниетану сынды пәндер тереңдетіліп оқыты­лады. Айтпақшы, алып глобустың салмағы – 1 тонна. Биіктігі 3,5 метр болса, диаметрі 6,5 метрді құрайды.

Нұрхан НҰРБОЛАТ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Парижде қырғыз және қазақ жырауларын марапаттады

2025 жылғы 17 мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде тарихта алғаш рет қазақ және қырғыз жырауларының қатысуымен дәстүрлі импровизациялық поэзия дуэлі ...

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың ...