Архив меток: Вакцина

Еріктілер вакцина салдырған қала тұрғындарына арнайы жазуы бар білезік сыйға тартты

«Мен қауіпсіз жағдайдамын». Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцина салдырған қала тұрғындарына жас еріктілер осындай жазумен білезік сыйға тартты. Мұндай ерекше іс-шара бір мезетте қаладағы үш емханада ұйымдастырылды. Қала деңгейінде өткен іс-шара барысында еріктілер 200 азаматқа осындай білезік таратып берді. Ұйымдастырушылар осылайша екпе алған тұрғындардың қоғамға қауіпсіз екенін көпшілікке түсіндіргісі келді.   – Вакцина салдырған соң 7 күннен кейін иммунитет пайда ...

Читать далее »

Шымкентте 411 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус анықталған жүз жиырма екі жағдай тіркелді. Белгілері бар –106, белгілері жоқ –16. Індет жұқтырған елу төрт адам инфекциялық стационарға жатқызылып, алпыс сегіз адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы мың төрт жүз он үш орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, жеті жүз тоқсан төрт төсек орын бос. Инфекциялық стационарда алты жүз ...

Читать далее »

Шымкент «сары аймаққа» енді

Шымкентте соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Еліміздегі «сары аймақтар» қатарына енді. Қалада 16 қыркүйек күні КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 84, белгілері жоқ – 18). 67 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 35 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 643 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 874 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 762 ...

Читать далее »

Шымкентте тұрғындардың 86,1 пайызы вакциналанды

Шымкентте 13 қыркүйек күні КВИ-дің тоқсан тоғыз  жағдайы тіркелді (белгілері бар – сексен бес, белгілері жоқ – он төрт). Алпыс адам инфекциялық стационарға жатқызылып, отыз тоғыз адам үй бақылауына алынды.   Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, мың үш жүз тоқсан бір төсек орын бос. Инфекциялық стационарда жеті жүз тоқсан бір ...

Читать далее »

Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды

Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің екі жүз жиырма үш жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз он алты  адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы екі мың тоғыз жүз сексен орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – ...

Читать далее »