Тарих

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған…

Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. ...

Читать далее »

Қажымұқан мен Поддубный: кім-кімді жеңген?

Осыдан екі айдай уақыт бұрын Ресейде «Поддубный» фильмі көрерменге жол тартқан. Екі жыл бойы түсірілген, бюджеті 12 миллион доллар болатын бұл фильм орыстың әлемге әйгілі балуаны, француз күресінің алты дүркін чемпионы Иван Поддубный турасында. Әйгілі орыс қаһарманы туралы түсірілген осы фильмде Поддубныйдың Қажымұқан есімді түрік балуанымен белдесіп, оның желкесін үзіп жіберетіні жайлы бір келеңсіз көрініс бар. Аянышты күйде сұлық жатқан ...

Читать далее »

Үш балуанның кездесуі

Ұлытау өңірінде атақты Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ, Қажымұқан балуан үшеуі бас қосып, даланы ду-дыруға бөлегені жайлы. Бірін-бірі көріп бас қосуға ынтазар болып жүрген қазақтың арыстары алқа-қотан отырып өнер көрсетеді. Балуан Шолақ білектей темірді арқан сияқты білегіне үш-төрт қайыра орап, екі ұшын тұйықтап тастай салады. Ал, Қажымұқан болса жуан рельс темірді жотасына көлденең көтеріп, жиналған халыққа, «екі басына сыйғанша мініңдер!» дейді. ...

Читать далее »