Бекшин: Алматыда коронавирус ауруының деңгейі төменді

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-конференция барысында қалада коронавируспен ауыратындардың қатары төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Xnews.

Оның айтуынша, күнделікті өсім 4% құрады.

Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 793 жағдай анықталған. 90 адам емделіп, сауығып кетті. Өткен тәулікте 31 жағдай тіркелді, жалпы статистика бойынша ауруды жұқтырушылардың күн сайынғы өсімі 4% құрады. Апта басында күнделікті бұл өсім 15,6% құрады. Міне, осы цифрдан дерттің екпіні төмендеп келе жатқанын байқауға болады, — деді ол.

Бекшин карантин өте тиімді шара екенін атап өтті.

Ауруханаларға 1400 науқас жатыр, 8590 адам үй карантиніне оқшауланған. Бұл шара — өте тиімді, — деді ол.

Сондай-ақ, ол ауруды анықтауға 6 зертхана жұмылдырылып жатқанын айтты.

КВИ-ді тексерілу үшін 19 мыңнан астам экспресс-тест сыналды. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 16 жағдайы расталды, — деп сөзін қорытындылады Бекшин.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Жасыл даму» АҚ 3%-бен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен қоқыс өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру береді. ...

Свыше 550 специалистов ПМСП приступили к обучению в рамках года повышения квалификации

В целях повышения качества и доступности медицинской помощи Министерством здравоохранения Республики Казахстан 2025 год объявлен Годом повышения квалификации специалистов первичной ...