«Мәртебе сізге тиесілі»: Тоқаев Назарбаевқа Ассамблеяның құрметті төрағасы болуды ұсынды

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді, — деп хабарлайды Xnews.

«Сізге, аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болу туралы ұсынысымызды қабылдауды сұраймын. Бұл мәртебе сізге халқымыз бен мемлекет алдындағы тарихи еңбегіңіздің арқасында тиесілі. ҚХА-ның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін», — деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қабылдады.

«Жаңа міндеттерді қабылдаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге жұмысымды жалғастырамын. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздерге сәттілік тілейміз, ҚХА барлық бастамаларды қолдайды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені хабарланған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Производство растительного масла в Казахстане увеличилось почти на 24%

Масложировая отрасль укрепляет позиции: растет переработка, расширяются площади масличных культур, усиливается экспортный потенциал. По итогам января–марта 2025 года объем производства ...

Қазақстанда өсімдік майын өндіру шамамен 24%-ға артты

Май өнімдері өнеркәсібі өз позициясын нығайтып келеді: өңдеу көлемі артып, майлы дақылдар алқабы кеңейіп, экспорттық әлеует күшеюде. 2025 жылғы қаңтар–наурыз ...