© Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті.

«Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады.

Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы үміткерлерді іріктеу және этностар тығыз шоғырланған тұрғын алаптар мен шағын аудандарда концерттік бағдарламамен шығу кезеңдері.

Байқаудың алғашқы кезеңіне іріктеу қаладағы 4 ауданда өтті. Жалпы, 82 үміткер қатысып, арнайы жасақталған комиссия 20 нөмірді таңдап алды. Қазылар алқасы өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Керуен-байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында арнайы марапатталатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Нұралхан Көшеров ҰОС ардагерінің отбасына арнайы барып құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен ...

Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда ...