Түркістанда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті

Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін “Қала тазалығы — перзенттік парызым” шарасы қаланың 10 аумағында ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, Қ.А.Ясауи кесенесі мен «Ханшайым плаза» кешені, Күлтөбе қалашығы аумақтарында, Жеңіс саябағы мен Отырар мөлтек ауданындағы 36, 37, 38, 39, 40 көпқабатты түрғын-үй аулаларында, сондай-ақ Әл-қожа ата, Алшын, Дастанов, Накипов, Әйтеке би, Ғ.Мүсірепов көшелерінде өтті.

Кезекті тазалық күніне 1000-ға жуық азамат қатысты. 30-ға жуық техника жұмылдырылып, 18 мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысты. Белгіленген аумақтар тазаланып, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Сенбілік нәтижесінде қала көшелерінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Тазалық бар жерде тәрбие бар! Сондықтан да қаланың әрбір тұрғыны азаматтық жауапкершілікті түсініп, экологиялық сана мен мәдениеттің қалыптасуына атсалысуы тиіс!

Тазалық акциясы аясында әр апта сайын қала әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері өз ғимараттары мен көшелеріне сенбілік өткізіп, эко-акцияға белсенділік танытып отыр. Сондай-ақ, әр апта сайын тазалық күндеріне байланысты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі