Шымкент әкімі: Басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру

Қазіргі таңда Шымкент қаласы экономикалық, әлеуметтік жағынан даму үстінде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшылығының халыққа берген уәделер жоспарлы түрде орындалып жатыр. Сондай-ақ, шаһар басшысымен болған қала тұрғындарын қабылдау барысында, көшпелі кездесулерде түрлі мәселелер шешімін тауып келеді.

Қала басшысына әлеуметтік желіден әкімдіктің немесе оның жеке парақшасына күнделікті жүздеген сұрақ түседі. Айта кету керек, әкімдік халықпен кері байланыс орнатуда маңызды қадамдар жасауда. Осы орайда халық та көкейдегі ойды ашық айтып, ұсыныстарын жеткізіп, талаптарын да қойып жүр. Соның арқасында бүгінгі таңда тұрғындармен кері байланыс артып отыр. Өз кезегінде барлық өтініштерге жауап жазылып, тиісті органдарға тапсырма беріліп жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, тұрғындар тарапынан көтерілген көптеген өзекті мәселелердің бірі көшелерді жарықтандыру. Әкім Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасы бойынша бүгінде 1048 көшені жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 823 көшеде жарық шамдары орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 300 көше демеушілер есебінен жарықтандырылады. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажет.

Көп күттірмейтін мәселенің бірі – жол сапасы. Қазіргі жолдардың жайы өте өзекті екені жасырын емес. Түйткілді мәселені шешу бағытында Шымкент қаласында 25 шақырымға жуық жаңа жол салып, 345 көшені жөндеу жоспарланып отыр.

Атқарылып жатқан ауқымды жұмыс өте көп. Қала басшысының негізгі ұстанымы- кез-келген жұмыста сапаға мән беру керектігі. Қазір қаланың дамуына демеушілер үлкен үлес қосып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ғабит Сыздықбековтың мегаполиске басшы болып келгеніне бір жыл болды.

Әкім өзінің алдында тұрған басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру деп санайды. Сондықтан тұрғындар үшін жасалып жатқан барлық бастамалар әкімнің жеке бақылауында.

x

Check Also

Наши люди – везде!

Уроженка Шымкента Фарида Джубаева давно живет за рубежом. Однако гражданство свое она не меняла, оставаясь в душе и по паспорту ...

Олимпиада жүлдегері референдумде дауыс берді

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл №38 референдум учаскесінде дауыс берді. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері еліміздегі аса ...