Сауранда эко акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны Сауран ауданында тұрақты жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастауымен бүгін Ескі Иқан ауылында «Жеңіс» саябағында және орталық көшесінде сенбілік жүргізілді. Сенбілікке 104 қызметкер атсалысып 8 техника тартылды.

«Елімізде өтіп жатқан үлкен науқанға біздің ауылдың да атсалыспай қалуы жарамайды. Сондықтан, ауыл жастары мен белсенділерін осы шараға белсене қатысуға шақырамыз. Өз ауылымыздың көркеюіне әрбіріміз жауаптымыз»- деді сенбілікке келген ауыл ақсақалы Марат Ергешов.

Сенбілік барысында орындықтар ретке келтіріп, ағаштар әктеліп, 36 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы, сенбілікке өңіріміздің «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «ҚазақГазАймақ» Түркістан облысы филиалы, «Түркістан жылу» мекемесінің қызметкерлері өз үлестерін қосты.

x

Check Also

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында ...

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. ...