Сарыағашта ұлы тұлғалардың ескерткіштеріне тазалық жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған «Киелі мекен» апталығы жалғасын тауып жатыр. Көктерек ауылдық округі, Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан халқымыздың ұлы тұлғалары Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған және өзге де ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді.

Тазалық акциясы аясында тұрғындар өз елді мекендерінде әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» кешенінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы ...

Шымкентте балалар қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілді

Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін ...