Қай өңірде алаяқтық көп жасалады

Бас прокуратура еліміздің қай өңірінде алаяқтық көп екенін айтты.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректері бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) төмендегені байқалған. Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30 пайыз болады.

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық:

  • Алматы қаласы — 6742,
  • Астана — 5358,
  • Қарағанды облысы — 2590,
  • Шымкент — 1921,
  • Алматы облысы – 1836,
  • Ақтөбе -1334,
  • Атырау -1319,
  • Қостанай -1311,
  • Павлодар -1244,
  • Шығыс Қазақстан -1243 облыстарында тіркелген.

Алаяқтық әрекеттер салдарынан 34 623 адам зардап шеккен, оның ішінде:

  • Ерлер – 15603,
  • Әйелдер — 19020

«Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар — 102, мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар — 291, зейнеткерлер -1714, мүгедектер – 8», — делінген хабарламада.

Интернет-алаяқтық фактілері 1,5 пайызға төмендеген. Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

«Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73 пайызға төмендеді, барлығы 24 (89) факт тіркелді. Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық деректері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға аз», — делінген хабарламада.

Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында.