Түркістанда алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар адам ұсталды (видео)

Полицейлер 45 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікте ер адамды ұстады. Түркістаноблысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында алаяқтық қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды анықтаған.

Жедел уәкілдер іздеуде жүрген тұрғынды Шымкент қаласынан ұстаған. Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылоррда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңге. Ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылармен сенімді қарым қатынас орнатқан. Түрлі тауарды жымқырып келген. Ашып айтсақ, алаяқ көлігіненм ақша алып келіп төлеймін деген желеумен тауарды тиеген бойда оқиға орнынан ізін суытқан.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды ескертуден жалықпайды. Бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін жеке деректерді, банк кодтарын өзге біреуге беруге болмайды. Сақ болыңыздар!

© Ońtústik TV