Шетелдік интернет алаяқтар

№1 ереже: ешқашан алдын ала төлемді шетелге жібермеңіз.

Өкінішке қарай, интернетте қолданушылардың ақшаларын алаяқтық жолмен алуды көздейтін алаяқтар өте көп. Олар хабарландыруларды қол жетімді ресурстарда жариялайды, мұнда экзотикалық жануарлар мен құстарды, асыл тұқымды иттерді және мысықтарды, ноутбуктерді, фототехниканы, телефондарды, шетелден элиталық автокөліктерді өте төмен бағамен сатуды ұсынады. Мәміленің шарттары – ақшалай аударым арқылы алдын ала төлем (тасымалдау үшін ақы). Нәтижесінде сатып алушы тауар алмайды және аударудан бас тарта алмайды.

Бұдан басқа, сіз емес, керісінше сізден қандай да бір тауарды сатып алғысы келетін және оны Африка еліне (мысалға, Нигерия немесе Камерун) жіберуді ұсынатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.

Мына жағдайларда абайлық танытуыңызды өтінеміз:

  • жаңа заттың құны өте төмен (мысалы, йоркшир терьері шыққан тегі чемпион ата-анасынан 200$-ға немесе iPhone 320$-ға), ал тауардың өзі шетелде орналасқан;
  • байланысатын телефон жоқ;
  • суретті сипаттауға сәйкес келмейді. Мысалы, сипаттауда гаджеттің бір үлгісі көрсетілген, ал мұқият зерттеу кезінде ұқсас, бірақ басқа бір үлгісі анықталады;
  • хабарландырудың мәтіні, сондай-ақ хаттар сізге электрондық автоаудармашының көмегімен аударылған («қабылдау үшін ұрғашы және еркек йорктер», «Алма iPhone»);
  • Сатушы бір типтес хабарландыруларды жариялайды (мысалы, белгілі бір түрлі автокөлік OLX.KZ әр түрлі өңірлерінде бірдей немесе әр түрлі тұқымды күшіктерді шығару көрсетілген хабарландырулар бірдей);
  • Хат алмасу процесінде банктегі шотқа ақшаның бір бөлігін алдын ала аудару қажет екендігі анықталады (жіберу құнын немесе сақтандыру жарнасын төлеу), одан кейін тауар пошта арқылы жіберілетін болады;
  • басқа жағдайларда тауарды ақша аударымдардың жүйесімен төлеу қажет (Western Union, MoneyGram). Келісімге кепіл ретінде сіздің досыңыздың немесе туысыңыздың атына аударуды жүзеге асыру қажет, кейін тауар жеткізілген кейін алушының атын өзгерту керек және келісім жасалғаннан кейін аударым кодын хабарлау қажет.
  • Алаяқтықтан құтылу үшін жергілікті түрде, елдің аясында сатып алыңыз және сатыңыз. Төлемді Western Union және басқа да анонимдік төлем жүйелері арқылы жүргізбеңіз.

Дереккөз:  Olx Көмек Орталығы