Интернет-алаяқтық: Айлакерге арбалмаңыз

Алаяқтың қоғамға қауіптілігі-бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде болатын қылмыс.

Түркістан облысы аумағында ғаламтор желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмысы күннен күнге артып отыр. Облыс аумағында осы қылмыстың ең көп тіркелген түрі – Банк қызметкері ретінде танысып несие рәсімдеу.Тауарларға, қызметтерге алдын ала төлем жасау және ойындарға ақша салу арқылы ақша көбейту болып табылады. Әрбір ашылмай қалған қылмыстық істің артында интернет алаяқтықтың құрбаны болған жәбірленушілердің дені-статистикаға сәйкес егде жастағы азаматтар, сондай-ақ банк саласындағы жаңалықтардан бейхабар азаматтар болып табылады.

Алаяқтар сіздерге «Банк қызметкерлері және құқық қорғау қызметкерлеріміз»,-деп өздерін таныстырып, «Сіздің шотыңыздан өзге біреу несие рәсімдеп жатыр»,-деп сылтау айтып, жедел түрде өзіңіздің жинақтаған қаражаттарыңызды «Any desk» және ұлттық банктің бағдарламаларын жазуға шақырса ⬇️

❗️САҚ БОЛЫҢЫЗДАР! Бұл-интернет алаяқтар❗️

Оның алдын алу үшін бірден қоңырауды үзіп,өзіңіз қолданатын банк сенім нөміріне хабарласып немесе өзіңізге жақын бөлімшеге барып шотыңыздағы барлық операцияларды және мәліметтерді тексеруге болады.Интернет алаяқтар көбінесе жарнама арқылы сілтемеге өткен кезде өзіңіздің ұялы телефон нөміріңізді,аты-жөніңізді толтыруды сұранып,сіздерге бейтаныс орыс тілінде сөйлейтін азамматтар хабарласып өзіңізге ыңғайлы кез келген банктен өздері онлайн түрде есеп шот ашқанын және ол есепшотты сіз ғана қолданатыныңызды айтып,сендіріп инвестиция жасауға шақырады.Ондай жарнамаларға сенбей аз уақыт ішінде қомақты қаражатты көбейту мүмкін емес екендігін еске саламыз!

Қазіргі таңда INSTAGRAM. FACEEBOOK. OLX, KOLESA.KZ MARKET.KZ сайттарында алаяқтар көптеп кездеседі.Осы ретте қылмыстың алдын алу мақсатында баннерлерде, лед экрандарда интернет алаяқтық туралы хабарламалар және түрлі буклет, бюллетеньдер тарату жұмыстары ұдайы жүргізілді. Алайда бұл хабарламаларға бей-жай қарайтын азаматтар аз емес. Осының салдарынан қылмыс саны күн санап өсуде.

2023 жылдың басынан ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша 28 қылмыс тіркеген. 24 қылмыс ашылып,күдікті тұлғалар Ордабасы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Ауыр санаттағы алаяқтық қылмысы 2022 жылы 81,6% құраса, ағымдағы жыл 81,8% құрайды және ауыр емес алаяқтық қылмысы 93,1% құраса (2022 жыл 86,7%).

Интернет алаяқтықтың алдын-алу мақсатында аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған арнайы мониторингтік топ алдын алу жұмыстары мен алаяқтықпен күрес шаралары қатаң бақылауға алынған.

Алаяқтық қылмыстарын ашу жұмыстары аудандық полиция бөлімінің басты назарында. Ал, қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында қоғам болып, бірлесіп жұмыстар атқаруға шақырамыз!

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі