ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен келді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, облыс тұрғындары қатысты.
Министр Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесуден соң Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде азаматтарды қабылдап, облыс тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында төтенше жағдай туындаған кезде халықты хабардар ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу, жылыту маусымында қайғылы оқиғалардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
«Көксарай» су қоймасы маңызы жоғары стратегиялық нысан екендігін айтып өткен министр бұл бағытта ешқандай қорқыныш жоқ екендігін жеткізді. Су қоймасының жұмысы бақылауда.
Сондай-ақ министр өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы жоғарылап, материалдық базасын нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Кездесу соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі