ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ПАСПОРТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫН ҚОЛДАНА АЛАДЫ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлы төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болғанын хабарлады.
Министр атап өткендей, әзірге цифрлық паспортты жеке куәлікке ұқсастығы бойынша жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстанда ғана пайдалануға болады.
Оның айтуынша, мұндай қажеттілік куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.
Айта кетсек, Қазақстанда 18 құжат сандық форматқа аударылды. Бұл — жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-сынамалар, туу және неке туралы куәліктер және т. б.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі