МЕКЕМЕДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БАЯНДАЛДЫ

Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты «Жасыл Түркістан» коммуналдық мекемесінің директоры Көркемжан Тұрсынбайұлы Эшметов тікелей эфирде баяндама жасады. Қалалық әкімдіктің әлеуметтік желілерінде ұйымдастырылған эфирде мекемед атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша ақпараттар айтылды.

Сонымен бірге, тұрғындардың салаға қатысты сауалдарына тұшымды жауаптар берілді.

Баяндамаға сәйкес, қазіргі таңда Түркістан қаласындағы көшелер бойындағы ағаштарды санитарлық және пішінге келтіру жұмыстары атқарылуда. Бұл қырқу  жұмыстарының басты мақсаты ағаштардың эстетикалық көрінісін жақсартып, қураған, ауырған бұтақтардан тазартып, жаяу жүргіншілер қозғалысын жақсарту, жол белгілерінің көрінуіне және  қатты жел кезінде ағаш діңінің зақымдалу қауіпін азайту арқылы көшелерді жарықтандыру желілері өтетін аймақтарда  қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қырқу жұмыстарының нәтижиесінде ағаштардың барлық бөліктеріне күн сәулесі мен қоректік заттар біркелкі  түсіп, аурулар мен зиянкестермен оңай күреседі, қыстайды және жазда, қою жапырақты тәжге ие болып, биіктеп өседі.

 

Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтар, скверлер,бульварлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді (ағаш, бұталар,көгал,гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін  күтіп-ұстау және салу. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі.

Қызмет көрсету аумағы: 248  нысан — 524га.

Ағаш көлемі: 695 247 дана

Көгал аумағы: 2 560 000 ш.м.

Бұталар көлемі:   350 856 дана

Гүлдер аумағы: 70 000 ш.м.

Техникалар мен  құрылғылар :  211   бірлік  (56 ірі , 155  ұсақ )

Су бұрқақтар көлемі: 83 дана

Гүлдер аумағы:

70 000  ш.м.

Орындықтар3 511дана
МАФ:

27 351дана

Ұңғыма185 дана

Қазіргі таңда қала аумағы 19 627 га құрайды. Ал жалпы көгалдандырылған аймақ көлемі 524 га. Қала халқының саны 200 мыңға жуық. Халық санына жасыл желектердің көлемін шаққанда әр адамға 26,2 ш.м құрайды.    Нормалық көрсеткіштер бойынша жасыл желектердің көлемі орташа қаланың әр тұрғынына 10-7 ш.м болып табылады. Қаламыз бұр көрсеткішті 2 есе жоғары көрсетіп тұр. Бұл әрине қуантарлық жаңдай. Дегенімен 2035 жылға дейін қала көлемін 22 350 га ұлғайту көзделіп,сәйкесінше  қала тұрғындарының саны 350 мыңға көбейеді. Жоспар бойынша көгалдандырылған аймақ көлемі де көбейіп отырады.

Осы мақсатта жыл сайын Түркістан қаласында ағаш егу, көгал егу жұмыстары тоқтамай жүргізілуде. Түркістан қаласының климаты өте қатаң,  екені белгілі. Жаз өте ыстық , қыс-күз мезгілі жауын шашын көлемі аз түсетін, жел жылдамдығы жоғары және жиі болатын аймақ. Сол себептен отырғызылған жасыл желектерді күту және биімделіп кетуін арттыру оңай шаруа емес.

Қазіргі таңда Түркістан қаласына интродукциоланған, төзімділігі жоғары ағаш көшеттері егілуде. Бұл ағаштар Түркістан облысы аумағындағы тұқымбақтардан алынып отырғызылуда.

Былтыр  2021 жылы егілген жасыл екпелер көлемі:

Ағаш —   200 мың  дана көшеті

Көгал —  22,2 га

Түркістан қаласы аумағына бекітілген секторлар көшелеріне

Ағаш  көшеті —  107 мың дана егілді,

Көгал  — 12,7 га

Түркістан қаласы әкімдігі мен түрлі экоакциялар бойынша -92 мың ағаш егілді.

 

Атқарылған жұмыстар:

Түркістан қаласы аумағында жалпы 200 мың ағаш көшеттері  мен 22,2 га көгал,  140 мың дана сәндік гүлдер егілді.

  1. «Жасыл Түркістан» КММ сі тарапынан атқарылған жұмыстар: 15 095 ағаш,           95 102 ш.м көгал, 140 784  дана сәндік гүл, 16 244 бұта егілді.
  • Түркі бағы, Рәміздер алаңы, Есімхан алаңы ағымдық жөндеу жүргізілілді;
  • Көшелер мен саябақтарда ландшафттық жарықтандыру жүргізілді;
  • Майкотов көшесі ( 9- көшеден Б.Саттарханов дағылы аралығында) абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары;
  • Есімхан алаңындағы фотозона көру алаңын абаттандыру көгалдандыру;
  • Қала көшелеріне көп жылдық және біржылдық гүлдер егу егу жұмыстары;
  • Штамбтық ағаштар егу жұмыстары;
  • Демеушілер есебінен алынған ағаштарды егу жұмыстары.
  • Мекеме теңгеріміндегі саябақтар мен гүлбақтар, көшелерде күтіп-баптау жұмыстары.
  • Мекеме теңгеріміндегі 83 ке жуық субұрқақтарды күту, ағымдық жөндеуден өткізу профилактикалық, санитарлық тазалық, маусымдық консервациялық техникалық жұмыстарды орындауға 23 техника мен 40 қа жуық жумысшы жұмыс атқарылды. Кіші Арбат аллеясында субұрқатарында жөндеу өткізіліп,  Желілік саябақ су тоғандарын тазалық жұмыстары қарқынды түрде  орындалды.

 

2022 жылы егілген ағаш көшеттері мен атқарылған жұмыстар:

Ақпан-наурыз айларында 14 545 дана ағаш егілді. (Ш.Тілеу, Байбұрт, Қожанов, Майкотов көшелері)

  • 380 га аумақта ағаштарды дәрілеу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілді.
  • Жоспарда тұрған және қала тұрғындары мен мекемелер тарапынан түскен өтініштер бойынша 11 245 дана ағашты санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жүргізілді.
  • 45 саябақ, сквер, алляларда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б),  аяқжолдар мен балалар ойын алаңдарын  бояу, жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.

4)     Қураған, жерсінбей қураған ағаштардың орнына 9 200 дана ағаш көшеттері егілді.

  • Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15  036 дана ағаш көшетті емен  9000 ш.м аумақта көгал егілді. Ш.Тілеу , Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Майкотов көшелеріне -11 900 дана түрлі  жапырақты қылқан жапырақтары ағаштар демеушілер есебінен егілді.
  • Жыл басынан бастап ағымдағы тазалық және көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, 10 рет жалпы қалалық сенбіліктер өткізілді.
  • «Майкотов көшесіндегі Желілік саябағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының 2,3,4,5– кезеңдері» бойынша – облыстық
  • Қала аумағында гүлдерге арналған аумақтарда Жалпы 200 мың түп , оның 110 мың көпжылдық және 90 мың  бір жылдық гүлдер егіледі. Астар, хризантема, сальвия, шафран, петуния, раушан гүлдері егілді. 2021жылмен салыстарғында  60 мыңа артық гүл көшеттері егілді.
  • 2021 жылмен салыстармалы түрде 2022 жылы су бұрқақтар мен су тоғантарды күту көлемі 2 есеге артылды.

Ал күз айларында 121 мың ға жуық түрлі жеміс, жапырақты, қылқан жапырақты ағаштар егу жоспарланып, көгалдандыру басталды. түрлері жеміс ағаштар (шие, өрік, алма) қылқан ағаштар( қарағай, арша),декоратив ағаш (айлант, ива, платан, қарағаш)  (АДЦ, Майкотов көшесі, КДЦ, Б.Саттарзханов, Аэропорт жолы)